Мұғалімнің өз комфорт аймағынан шығуы
Үнемі біліктілікті арттырып отыру мен жаңашылдыққа бейімделу - қазіргі заманның маңызды талаптарының бірі. Бүгінде әлем динамикалық түрде өзгеру үстінде, іс жүзінде әсіресе әлеуметтік ортаның барлық облыстарыннан байқалады. Бір орынды ұстап тұру үшін, жай ғана жүруіңіз қажет. Ал егер алдыға ұмтылып, дамығыңыз келсе жүгіруіңіз керек. Мұғалімдердің шет елден тәжірибеден өтуі - олар үшін құнды білім алу мен жаңа технологияларды мектеп оқушылары және студенттерге сабақ беру барысында қолдануды үйрену. Шет елде біліктілікті арттыру көптеген өзіндік пайдалы ерекшеліктерімен сипатталады.

Шет елден тәжірибеден өту программалары әрбір қатысушы оқытушыларға сөзсіз пайдасын алып келетіні анық. Актуалды білім, ой-өрісті кеңейту, жаңа таныстық, туризм - тек басты артықшылықтары ғана. Бұл дегеніміз, бір орында тұрып қалғысы келмейтін мұғалімдерге берілетін үлкен мүмкіндік.

Әлемнің 20-дан астам мемлекеттері грант ұсынып отыр. Олар тегін оқу мен тұратын жерді тегін алуға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар шәкіртақы мен екі ел арасындағы ұшып келу билеттері де қарастырылған. Осындай бағдарламаларының бірі Erasmus Mundus, Erasmus Plus. Коммерциялық емес программа Еуропа одағының Еуропалық одақ мемлекеттері мен Исландия, Лихтенштейн, Солтүстік Македония, Норвегия, Турция, Казахстан мемлекеттері арасында студенттер мен мұғалімдердің алмасуына арналған Еуропалық одақтың коммерциялық емес бағдарламасы. Бұл бағдарлама өз қатысушыларына білім алу мен қатар тәжірибеден өтуге немесе өзге елде сабақ беруге мүмкіндік ашады. Білім алу мен тәжірибеден өту 3 айдан 1 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бағдарлама барлық шығындарды жабады, сонымен қатар күнделікті шығындарды өтеп отыруға да арнайы шәкіртақы беріп отырады.

Fullbright бағдарламасы

Әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі. Бүкіл әлем бойынша осы бағдарламаның жүздеген түлектері саясат, білім, журналистика және жеке секторда жоғары лауазымға ие. Тәуелсіз іріктеу комиссиясы қатысушылардың сауалнамаларын қарап, үміткердің ерекшеліктерін ескере отырып, конкурс негізінде шешім қабылдайды. Тапсыру кезінде тіл деңгейінің сертификаты
(IELTS / TOEFL) талап етілмейді. Жартылай финалистер сұхбаттасуға шақырылады. Фулбрайт ТЕА бағдарламасы J-1 визалық қолдауын, ұшу билеті, бағдарламаға қатысу кезеңінде тұру, тамақтану, күнделікті өмір сүру жрдемақысын, медициналық сақтандыруды қамтамасыз етеді.

(GENERAL PEDAGOGY / ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА) - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕКЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ. Fullbright мұғалімдердің шеберлігін арттыру бағдарламасы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен келген мектеп мұғалімдері қабылдаушы американдық университеттерде біліктілікті арттыруға бағытталған ғылыми семинарлардан өтеді.


Егер сіз шетелге оқуға түскіңіз келмесе, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі оқытушыларға ғылыми қызмет (ғылыми тәжірибеден өту, ғылыми семинарларға қатысу) бойынша магистратурада оқуды ұсынады. Олар оқу-зерттеу жұмыстарына қатысуға, жоғары халықаралық деңгейде оқыту және ғылыми білім берумен айналысуыңызға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқуды жұмыспен қатар алып жүру арқылы, жылына 3 рет 2-3 аптадан оқып, ай сайын 120 мың теңге шәкіртақы ала аласыз.

Сонымен, айтқымыз келетіні, өз комфорт аймағыңызда отыра бермей болашағыңызды бүгіннен бастап қолыңызға алыңыз.


КАК ВЫЙТИ ИЗ ЗОНЫ КОМФОРТА?
Постоянное повышение квалификации и постижение нового – актуальное требование современности. Сегодня мир меняется особенно динамично, причем, практически во всех сферах социальной жизни. Чтобы оставаться на месте, необходимо идти. А чтобы продвигаться вперед и развиваться, нужно просто бежать! Стажировка за границей для учителя – возможность для преподавателей получить ценные знания и освоить новые технологии обучения студентов, школьников. Повышение квалификации за границей характеризуется множеством преимуществ.

Программы стажировок за границей приносят несомненную пользу каждому преподавателю, который в них участвует. Актуальные знания, расширение кругозора, новые знакомства, туризм – лишь основные преимущества. Давать возможность учителям которые не хотят стоять на одном месте.

Более 20 развитых стран мира предлагают гранты, они дают возможность обучаться и жить абсолютно бесплатно, а также выдают стипендию и оплчивают перелет.

Одной из этих програм является ErasmusMundus, ErasmusPlus.

Некоммерческая программа Европейского союза по обмену студентами и преподавателями между странами членов Евросоюза, а также Исландии, Лихтенштейна, Северной Македонии, Норвегии, Турции, Казахстана. Программа предоставляет возможность обучаться, проходить стажировку или преподавать в другой стране, участвующей в программе. Сроки обучения и стажировки могут составлять от 3 месяцев до 1 года каждый, в сумме до 2 лет. Программа покрывает все расходы и выдает стипендию для покрытия ежедневных расходов.


Программа Fullbright

Одна из наиболее признанных и престижных программ в мире. Сотни выпускников данной программы по всему миру занимают высокие должности в политике, сфере образования, журналистике и в частном секторе.

Независимая приемная комиссия рассмотрит анкеты участников и примет решение на основании конкурса с учетом достоинств кандидата. На момент подачи языковой сертификат (IELTS/TOEFL) не требуется. Полуфиналисты будут приглашены на интервью.

Программа Фулбрайт ТЕА предоставляет J-1 визовую поддержку, авиабилеты в оба конца, на период участия в программе обеспечивает местом проживания, питанием, суточными, а также медицинской страховкой.

(General pedagogy/общая педагогика) - программа совершенствования педагогического мастерства . Программа совершенствования педагогического мастерства Fullbright, учителя средних школ со всего мира пройдут академические семинары направленные на профессиональное развитие в принимающих американских университетах. Участники понаблюдают за учебным процессом и обменяются опытом с коллегами принимающего университета, а также учащимися средней американской школы.

Если вы не рассматриваете поступление в зарубеж, Высшая Школа образования Назарбаев Университета предлагает обучение в магистратуре и повышение квалификации по научной деятельности (научные стажировки, участие в научных обучающих семинарах) преподавателей. Участвовать в образовательных исследованиях, преподавательской деятельности и научном образовании на самом высоком международном уровне. При этом можно учиться не отрываясь от производства и обучаться 3 раза в год на 2-3 недели и получать ежемесячную стипендию 120 тыс тенге.

Таким образом, вместо того, чтобы сидеть в своей зоне комфорта, возьмите под контроль свое будущее с сегодняшнего дня.



Үштілділік Қазақстан мұғалімдерінің
бөлігі бола алды ма?


Үш тілдік реформаға өту барысында мемлекеттен 6,9 миллиард қаражат бөлінген болатын. Яғни қазақ, орыс және ағылшын тілін білу мұғалімдер үшін ең маңызды талаптардың қатарына кірді. Соның ішінде ағылшын тілін білуге аса үлкен көңіл бөлінді. Көптеген мектеп қызметкерлерін арнайы курстарға жіберіп, тіл білімі деңгейін өсіруге арналған іс-шаралар, мастер класстар жасалынды. Бірақ, бұл жоба бастапқыда қарқындап жүріп келе жатқанымен кейіннен бәсеңдік танытты. Осы мәселенің тарапында қаншама даулы әңгімелер қозғалуда. Бірақ, барлығын алаңдатып отырған бөлінген қаражат, ешбірі реформаның басты мақсаттары мен идеясына көңіл аударып жатқан жоқ. Бұл реформаның біздің елге берері неде деген сұраққа ізденіп жауап беріп көрдіңіз бе?

Үштілділік қазақ мектебінің тарихындағы ең бір ауқымды реформа. Оның ең негізгі мақсаты ғылымды әлемдік деңгейде зерттеу арқылы оған жаңалықтар еңгізе білуге бейімдеу. Сол себепті ең басты деген ғылыми пәндер таңдалынып алынды. Олар: информатика, физика, химия және биология. Бұл жердегі ауыр жүк те мұғалімдерге түскелі тұр. Біліктілік пен ынтаны қажет ететін дайындық та аз уақытты қамтымайды. Бірақ, нәтижесінде В2 деңгейін алып шыққан, үш тілде сабақ беруге қабылеті мен мүмкіндігі жетіп тұрған ұстаздарға базалық жалақысын 200%-ға көтеру жоспарланды. Тіпті бұл жоспар алғашқы болып үш тілде білім бере бастағандарға қосылып та үлгерді.

Осы орайда айтқымыз келетіні, бөлінген қаражаттың ізін аңдығаннан, мемлекетке қарап отыра бергенімізден біз ешқандай нәтиже шығармаймыз. Қазақстанның әлемдік рейтингте ағылшын тілін білу деңгейі бойынша 89-шы орында екенін естісең тіпті жаның ашиды. Мүмкін арамызда шет тілін білу мәдениетімізге өзгертулер алып келеді, балаларымыз нақты бір тілде ойын ашық жеткізу қабілетінінен айырылады деп пессимистік тұрғыдан ойлайтындар да бар болар. Бірақ, бұл реформаның нақты мақсаты ғылыммен тығыз байланысты орнату керектігінде. Ғылым бойынша да артта қалып келе жатқан мемлекеттердің қатарынанбыз. Оның себебі әлемдік ғылымды әлемдік тілде түсіндіріп бере алмайтын мұғалімдердің жоқтығында, техникалық ғылымдарға қызығушылық танытып білім сапасын көтергісі келетін ұлағатты жандардың аздығында. Егер сондай жандардың қатарынанбыз дейтін болсаңыз неліктен қолдамасқа осы идеяны. Тіл үйреніп, өзге ел ғалымдарымен тәжірибе алмасып отыратындай деңгейде болуға не кедергі жасап отыр?

Автор: Рахман Айдана
18.05.2020


Made on
Tilda